Халықаралық сарапшы еліміздегі 5G желісі туралы: Жалпы дайындық бар

Халықаралық сарапшы еліміздегі 5G желісі туралы: Жалпы дайындық бар
438

ТМД елдеріне арналған ХЭО Өңірлік бөлімшесінің директоры Наталья Мочу Қазақстандағы интернет желісіне баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан интернет желісі жақсы қамтылған деп айтуға болады. Мәселен, мобильдік байланысты алып қарасақ, 3G бүкіл Қазақстанның территориясын 100 пайыз қамтып отыр. Сонымен бірге 4G желісі де шамамен 97-98 пайызға қамтылған. Осыған қарап біз Қазақстандағы потенциалды өсімнің бар екенін байқаймыз. Бірақ қазақстандықтардың 50 пайызы шалғай ауылды мекендерде тұрады. Олар интернеттің таралу нүктесінен кемінде 10 шақырым алыс орналасады. Сол себепті алыс аймақтарда интернет желісінің тұрақты таралуын арттырып, жеткізу қажеттілігі бар, - деді Наталья Мочу «Цифрлық Қазақстанға бетбұрыс» атты халықаралық форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Наталья Мочу Қазақстан 5G интернет желісін іске асыруға дайын ба? деген сауалға жауап берді.

Техникалық сұрақтар дер кезінде шешілсе, экономикалық  мәселе мен байланыс операторларының дайындығы тұрақты түрде шешіліп отырса, меніңше, жалпы дайындық бар, - деді сарапшы. 

Еске салайық, бұған дейін Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек елімізде 5G желісі қашан қолжетімді болатынын айтқан еді. 


Фото: автордан