Халықаралық пошта жөнелтілімі шекті мөлшерден аспаса, кедендік декларацияны тапсырудың қажеті жоқ

31 Желтоқсан 2021, 13:49
2026
Бөлісу:
Халықаралық пошта жөнелтілімі шекті мөлшерден аспаса, кедендік декларацияны тапсырудың қажеті жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік кірістер комитетінде халықаралық пошта жөнелтілімдерінің салмағы мен құны бойынша қандай шекті мөлшері белгіленгенін еске салды. Егер бұл жөнелтілім шекті мөлшерден аспаса, кедендік декларацияны тапсырудың қажеті жоқ.

ҚР Коден кодексінің 3-бабы 1-тармағының 57-тармақшасына сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдері - Дүниежүзілік пошта одағының (бұдан әрі-ДПО) актілеріне сәйкес пошта алмасу объектілері болып табылатын, ЕАЭО кедендік аумағының шегінен тыс халықаралық пошта алмасу орындарынан (мекемелерінен), немесе ЕАЭО кедендік аумағына халықаралық пошта алмасу орындарына (мекемелеріне) түседі не ЕАЭО кедендік аумағы арқылы транзитпен өтетін сәлемдемелер мен жазбаша хат-хабар Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттармен алып жүріледі.

Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен (бұдан әрі – ХКО) жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексінің (бұдан әрі – ЕАЭО КК) 37 және 40-тарауларымен, Кодекстің 39 және 42-тарауларында, №107 шешімде, «Дүниежүзілік пошта одағының актілерінде көзделген құжаттарды кедендік декларация ретінде пайдалану тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы №310 шешімінде айқындалған.

Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік операциялар халықаралық пошта алмасу орындарында (Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы №277 бұйрығымен айқындалған) не кеден органы айқындаған өзге де орындарда жасалады.

Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар жолаушылар кедендік декларациясын қолдана отырып, кедендік декларациялауға жатады.

Халықаралық пошта жөнелтілімдерінде өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау, жеке пайдалануға арналған тауарларды жөнелтуші немесе алушы болып табылатын жеке тұлға тұрақты немесе уақытша тұратын не уақытша болатын ЕАЭО-ға мүше мемлекетте жүзеге асырылады.

Зағиптарға арналған аэрограммалар, хаттар, пошта карточкалары және жөнелтімдер кедендік декларациясыз және кедендік рәсімдерге орналастырусыз кеден органының рұқсатымен ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізіледі.

Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды шығаруды кеден органы кедендік баждар, салықтар төленгенге дейін жүргізеді.

Шетелде құны 200 евродан асатын немесе салмағы 31 кг – нан асатын тауарларға тапсырыс берген кезде, құн шегінен асып кету бөлігінде, нормадан 15% мөлшерінде, бірақ 1 кг үшін 2 евродан кем емес баж төленуі керек, мысалы, егер пакеттің құны 300 евро, ал салмағы 31 кг болса, онда баж 100 евроға төленуі керек, бұл 15 еуроны құрайды. Салмақ бөлігінен асып кеткен кезде, мысалы, егер сәлемдеменің салмағы 35 кг болса, баж салмақ шегінен (яғни 4 кг-нан) асып, 8 еуроны құрайды.

Баж алу үшін негіз ретінде 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларды өткізу жиілігін есепке алмағанда, әрбір жеке посылканың салмағы мен құны қаралады.

Жеке пайдалануға арналған тауарлардың құнына оларды тасымалдау және сақтандыру жөніндегі шығыстар енгізілмейді.

Егер жөнелтілімнің салмағы мен құны шекті мөлшерден аспаса, кедендік декларацияны тапсырудың қажеті жоқ.

Жолаушылар кедендік декларациясын эектронды түрде тапсыруға болады. Ондай мүмкіндік «АСТАНА-1» ақпараттық  жүйесінде жүзеге асырылған, жүйеде ЕАЭО шекарасынан өткенге дейін жолаушылар кедендік декларациясын ұсынуға болады.

«АСТАНА-1» жүйесінде жолаушылар кедендік декларациясын тапсыру үшін жеке тұлғаларға мыналар қажет:

- тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне өтініш жолдау арқылы логин мен құпиясөз алу;

- жеке басын сәйкестендіру үшін ЭЦҚ болуы.

Өзгелердің жаңалығы