Халықаралық іздеуде жүрген өзбекстандықтар Отырарда ұсталды

29 Қыркүйек 2023, 18:49
5736
Бөлісу:
Халықаралық іздеуде жүрген өзбекстандықтар Отырарда ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында халықаралық іздеуде жүрген деструктивті діни ағымның жақтаушылары ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген 54 жастағы Өзбекстан азаматы Отырар ауданында ұсталды. 

Халықаралық іздеуде жүрген өзбекстандықтар Отырарда ұсталды

Ер адам өз елінде "Ұрлық" бабы бойынша көзделген ауыр қылмыс жасағаны үшін іздестірілген. Бір тәуліктен кейін алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы Өзбекстанның тағы бір азаматы ұсталды. Іздеуде жүрген екі қылмыскер де деструктивті діни ағымның жақтаушылары ретінде есепте тұр. Оларға қатысты тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы