Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық әуе рейстері туралы ақпаратты ҚР ИИДМ баспасөз қызметі таратты.
2022 жылғы 11 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласынан(қаласына) Мәскеу, Минск, Дубай, Варшава, Франкфурт, Ташкент, Пхукет, Новосибирск, Коломбо, Анталия, Кутаиси қалаласынан (қалаларын) 27 халықаралық рейсті орындау жоспарланып отыр. Рейстерді тоқтату жоспарланбаған.
Ақтау, Шымкент, Түркістан қалаларынан Гоа, Ыстамбұл, Махачкала, Грозный қалаларына 8 халықаралық рейс орындау жоспарланып отыр, Алматы және Ақтөбе қалаларынан Ыстамбұл, Дубай, Мале, Ташкент, Мәскеу, Самарқанд, Коломбо, Шарджа, Баку, Нүкіс қалаларынан/қалаласына 20 рейс орындалмады, - делінген ақпаратта.
ҚР бойынша барлығы 35 рейсті орындау жоспарланып, 20 рейс тоқтатылды.
«Lufthansa» және «Tukrish Airlines» авиакомпанияларының рейстерін қоспағанда, Нұр-сұлтан қаласындағы халықаралық әуе қатынасы толығымен қалпына келтірілді.