Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет кулуарында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғажанов халық табысын арттыру бағдарламасы туралы айтты.
Оның орнына ешқандай бағдарлама қабылданбайды. Ол негізі нақты жобалардың бірі және нәтижесі де бар. Мәселен, бюджет саласында істейтін 850 мың адамның жалақысының өскенін айтқан едім. Квазимемлекеттік және басқа да компаниялардың 250 мың-ға жуық адамның жалақысы 5 пайыздан 37 пайызға дейін көтерілді. Бұл жарты жылдықтың ішінде көтерілген жалақы, -деді вице-премьер.
Ералы Тоғжановтың айтуынша, халық табысын арттыру бағдарламасында нақты сектордағы компаниялар мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тарапынан нақты жұмыстар жасалып отыр.
2,8 млн адамның жалақысын өсірудің бірнеше жол белгіленген. Ол біріншіден, тікелей өсіріледі. Екіншіден, ірі компания жанынан орташа шағын бизнес белдеуін құру арқылы өсіріледі. Үшіншіден, нақты мемлекеттік жобаға қатысатын ірі компанияларға қарама-қарсы талаптар қою арқылы жүзеге асады . Соған байланысты 7 пайыздан 52 пайызға азаматтардың нақты жалақылары көтеріліп жатыр, -деді Үкімет басышысының орынбасары Ералы Тоғжанов.
Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Халық табысын арттыру бағдарламасының жұртқа тиігізіп жатқан пайдасы аз деген еді.