Халық сайлауда дауыс беріп қана қоймай, оны бақылауға атсалысса деймін - саясаткер

14 Ақпан 2023, 16:28
1203
Бөлісу:
Халық сайлауда дауыс беріп қана қоймай, оны бақылауға атсалысса деймін - саясаткер
Фото: Фото: Бауыржан Жуасбаев

Baqyla қоғамдық қозғалысының бастамашылары өткізген арнайы баспасөз жиынында саясаткер, блогер Сәбит Рыспаев сайлауды бақылаудың неліктен маңызды екенін айтты,  деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Азаматтық қоғам дамып келе жатыр. Адамдардың сайлауға деген ынтасы артты. Бұл сайлауға аудандық мәслихаттар 100 пайыз мажоритар тәртіппен, қалалық және облыстық мәслихаттар - 50/50 мажоритар және партия тізімімен, ал Мәжілісте 70 пайыз - партия, 30 пайыз мажоритар жүйе арқылы қатысады. Соның өзінде осы сайлауда қазіргі уақытта өте көп округте кандидаттар тіркеліп жатыр. Астанада бір ғана окургте 62 адам тіркелген. Бұл алдағы сайлаудың үлкен масштабта болатынын, адамдардың қызығушылығы артатынынын білдіреді. Сондықтан сайлаудың  әділ өткені маңызды, - деді ол.

Baqyla қоғамдық қозғалысы алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінен бақылаушыларды даярлау курстарын ұйымдастырады.

Сайлауды бақылайтындарды үнемі сынап жүретін едім. Маған қоғамдық қозғалыстан хабарласып, келіп қалай жұмыс жасайтынымызды көр деді. Осы қоғамдық ұйымға курстарын көріп, халықтың сайлауда дауыс беруімен қатар, сайлаудың әділ өтуі үшін әрбір адам теңіздің тамшысындай болса да әрекет етсе деген оймен келдім, - деді Сәбит Рыспаев.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың 19 наурызы күні елімізде кезектен тыс Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтеді. Былтырғы Президент сайлауы қарсаңында қоғамдық бастама негізінде есімдері елге белгілі азаматтар құрған «BAQYLA» қоғамдық қозғалысы алдағы Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінен бақылаушыларды даярлау курстарын ұйымдастырып, 19 наурыз күні өтетін кезектен тыс сайлауда бақылаушылар тобын жасақтауды жоспарлап отыр. 

Өзгелердің жаңалығы