Халық пен биліктің арасын жақындату жолы – демократия

3 Мамыр 2022, 17:15
2736
Бөлісу:
Халық пен биліктің арасын жақындату жолы – демократия
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Рахымжан Рашимбетов конституциялық реформаларға қатысты пікір білдірді.

Қаңтар оқиғасы – еліміздің кез келген ұстанымына, халықтың, биліктің ұстанымына қатысты қайтадан ойлануға мәжбүрлеп отырған оқиғалардың бірі. Содан кейін толыққанды наурыз айындағы жолдауында президент толыққанды осы бағыттарды атап көрсетті. Өйткені халықтың, елдің сұранысы осыған әкеліп тіреп тұр. Егер бұл нәрсеге көңіл бөлмейтін болса, биліктің халықпен байланысы әлсірей береді. Сол себепті халық пен биліктің арасын жақындату жолы осы демократия деп айтуға болады, – деді ол.

Рахымжан Рашимбетов конституциялық өзгерістер халықтың билік жүйесіне қалай әсер ететініне және күшті парламенттік жүйе нені білдіретініне тоқталып, Президенттің құзыретінің азаюы мен демократияның күшеюі қалай жүзеге асатынын да айтып берді.

Бұл Парламентті не үшін күшейтіп отыр деген сұрақ келеді. Бұл – халықтың сұрауы. Жаңа Қазақстан деген жаңа бағыттың арқасында халықтың үнін естіп, осыған мән беріп отыр деп ойлаңыз. Енді ол іс-тәжірибеде қалай іске асады және қаншалықты оң нәтиже көрсетеді бұл тарихтың еншісінде болады. Әрине, біздің оған сеніміміз мол, жақсы нәтиже болады деп үміт етеміз, – деп сенім білдірді Нұр-Сұлтан қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

Видео: Сырым РАХИМБЕКОВ
Өзгелердің жаңалығы