Халық кеңесі халықтың қандай проблемасын шеше алады? – Депутат түсіндірді

Депутаттың айтуынша, Қазақстан Халық кеңесі халық пен мемлекет арасындағы тікелей диалог алаңына айналмақ.

Бүгiн 2026, 11:01
АВТОР
 Мәжілістің баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 11:01
Бүгiн 2026, 11:01
262
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Қазақстан Халық кеңесінің қарапайым халыққа қандай пайдасы болатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, жаңа органның басты міндеттерінің бірі – елдегі заңдарға халық мүддесі тұрғысынан сараптама жасау.

Қазақстан Халық кеңесі Қазақстандағы барлық заңдарға сараптама жасап, олардың қайсысы халық мүддесіне сәйкес келеді, қайсысы сәйкес келмейді – соны анықтай алады. Қажет болса, өзгерістер ұсынып, оны Мәжіліске енгізе алады, – деді Саиров.

Оның сөзінше, бұл халық пен мемлекет арасындағы тікелей диалогтың нақты тетігіне айналады.

Сонымен қатар депутат аймақтардағы мәселелерді шешуде де кеңестің рөлі маңызды болатынын айтты.

Қазақстан Халық кеңесі өңірлердегі проблемалар бойынша жергілікті басшылыққа нақты ұсыныстар бере алады. Ал заң бойынша әкімдіктер мен аймақ басшылығы мұндай ұсыныстарды міндетті түрде жан-жақты қарастыруы қажет болады, – деді депутат.

Саировтың пікірінше, жаңа институт халықтың мүддесін билікке жеткізіп қана қоймай, оны шешудің нақты құралына айналуы тиіс.

Бұған дейін жаңадан құрылатын Қазақстан Халық кеңесінің немен айналысатынын жаздық. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх