Халық ақынына ескеркіш орнатылды

15 Қазан 2022, 14:17
2400
Бөлісу:
Халық ақынына ескеркіш орнатылды
PHOTO
Фото: автордан

Арқалық қаласында халық ақыны Уақ Жұмабай Шалабайұлына арналған ескерткіш мүсіннің ашылуы өтті деп хабарлайды BAQ.KZ Қостанай облысындағы тілшісі.

XIX ғасырда қалыптасып, өзіндік дәстүр  ерекшелігімен көзге түскен Торғай ақындық мектебінің басында тұрған ірі ақындардың бірі, халық ақынының мүсінінің ашылу салтанатында Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов, белгілі қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Оразкүл Асанғазықызы,ақын мұрасын зерттеуші, филалогия ғылымдарының кандидаты Айбек Қалиев, ел ағасы Шөптібай Бәйділдаұлы қатысып, сөз сөйледі.

Халық ақынына ескеркіш орнатылды

Уақ Жұмабай Шалабайұлы Торғай облысы, Жанкелдин ауданына қарасты Тосын болысының 5 ауылында 1838жылы дүниеге келген. Торғай өңіріндегі өзіндік дәстүр ерекшелігін қалыптастырған ақындық мектептің қайнар көзі осы Уақ Жұмабай ақын, - дейді Ақтаңгер айтыс ақыны Айбек Киікбайұлы.

Мүсінді ашу құрметі  атақты ақын Айбек Қалиев пен Арқалық қаласының құрметті азаматы Кәки Шәріпұлына берілді. 
Арқалық қаласының көркін келтірген мүсіннің авторы Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Сапарбек Ұзақов екенін айта кеткен жөн. Ал ескерткіштің орнатылуына демеуші болған қаладағы ірі кәсіпорын «Алюминий құрылыс»компаниясының басшысы Абай Мұқанов. 

Халық ақынына ескеркіш орнатылды

Игілікті істің басы қасында болып, барлығын үйлестіруші Уақ Жұмабай ақынның аталас туысы Торғайбай Уәлиұлы. 
Атақты халық ақынының ескерткішін ашылу салтанатына арнайы қатысқан белгілі қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Оразкүл Асанғазықызы киелі Торғай жерінен түлеп ұшқан төл перезенттерінің ұлт үшін атқарған жанқиярлық еңбектеріне тоқтала келіп, бұл ескеркіштің маңыздылығына тоқталды.

Халық ақынына ескеркіш орнатылды

Өлмес өнерімен, өшпес өлеңімен айшықты із қалдырған Жұмабай ақынның есімі ел үшін қашанда қадірлі, қашанда қасиетті. Қазақтың елі бар кезде, өнер қадірін білетін ері барда мұндай тұлғалар ұмытылмайды, асқақ рухы халқымен бірге мәңгі жасайды,- дейді ұлт жанашыры Оразкүл Асанғазықызы.

Өзгелердің жаңалығы