«Халықтың сүйіктісі-2020» Ұлттық сыйлығына үміткер ұсыну басталды

19 Қазан 2020, 22:40
1935
Бөлісу:
«Халықтың сүйіктісі-2020» Ұлттық сыйлығына үміткер ұсыну басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтоқ таяуда «Халықтың сүйіктісі-2020» Ұлттық сыйлығына үміткерлерді ұсыну басталатынын жариялады.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметік желідегі парақшасында жазды.

Достар, «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының 10-шы мерекелік кезеңі басталады. Биыл оны экономикалық дағдарыс пен Covid-19 пандемиясы кезінде өткізгелі отырмыз. Біз бүгінге дейін осы сыйлықтың иегері атанған Салтанат Рахымбекова, Жекен Қалиұлы, Сансызбай Құттыбайұлы, Қыдыр ата (Жанарыс Еңсепов) секілді еліміздің патриоттарынан айырылып қалдық. Жатқан жерлері жарық болсын, - деп жазды Ғалым Байтоқ. 

Қоғамдық қор басшысының хабарлауынша, сыйлыққа биыл өзгеріс енгізіледі. 

Биыл медицина қызметкерлері біздің өмірімізді сақтап қалу бойынша таңғажайып дүниелер жасағандықтан, денсаулық сақтау саласында бес құрметті номинацияны белгіледік. Олар: үздік медициналық стационар, үздік дәрігерлер ұжым, үздік медбикелер ұжымы, үздік волонтер мен үздік меценат. Үздік номинацияларды бұрынғыдай, ұйымдастырушылар мен қазылар анықтайды, - дейді ол. 

«Халық сүйіктісі» сыйлығының биылғы номинациялары: 

1. Жылдың үздік мұғалімі; 

2. Жылдың үздік дәрігері; 

3. Жылдың үздік спортшысы; 

4. Жылдың үздік қоғам қайраткері; 

5. Жылдың үздік тележүргізушісі; 

6. Жылдың үздік мәдениет қайраткері; 

7. Жылдың үздік парламентарийі; 

8. Жылдың үздік публицисі; 

9. Жылдың үздік блогсаласының көшбасшысы; 

10. Жылдың үздік интернет басылымы. 

Негізгі номинациялар бойынша үміткерлерді ұсыну «Жылдың халық сүйіктісі» («Народный любимец года») ресми тобында 18 қазан - 28 қазан аралығында жүргізіледі. 

Ұсынар кезде үміткердің 2020 жылғы еңбегін елесеңіздер дейміз. Сондай-ақ оның қысқаша өмірбаянын қалдырған дұрыс. Дауыс беру кезеңінің мерзімдері жайлы қосымша хабарлаймыз, - деді Ғалым Байтоқ.

Өзгелердің жаңалығы