Халықтың иммундық қабатын қалыптастыру – вирус мутациясын болдырмаудың ең тиімді әдісі

17 Шілде 2021, 11:38
2773
Бөлісу:
Халықтың иммундық қабатын қалыптастыру – вирус мутациясын болдырмаудың ең тиімді әдісі

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Халықтың иммундық қабатын қалыптастыру – COVID-19 инфекциясының таралуын тоқтатудың және вирус мутациясының дамуын болдырмаудың тиімді әдістерінің бірі. 

Бұл – Сандықтау аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі орынбасары Виталий Пиденконың пікірі. Дәрігер тұрғындарды COVID-19-ға қарсы вакцинациялау бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.

Оның мәлімдеуінше, Шаңтөбе кентімен бірге аудан халқы 21 746 адамды құрайды. Бүгінгі күнге дейін 768 адам коронавирус індетімен ауырды.

«Қазіргі уаытта 26 адам бақылауда және 11 адам стационарлық емделуде. Сондай-ақ, науқастармен байланыста болған 45 адам есепте тұр», - деді Виталий.Пиденко.

Дәрігердің айтуынша, ауданда КВИ бойынша ауыр науқас, пациенттерді емдеуге арналған жеке стационар жоқ. Сондықтан олардың барлығы Көкшетауға немесе Зеренді аудандық ауруханасы базасында жақында ашылған инфекциялық стационарға жіберіледі.

Бүгінгі таңда аудандағы жағдай салыстырмалы түрде тұрақты, бірақ көктемде сырқаттанушылық бойынша екінші толқын кезеңінде бізде науқастар көп анықталды деп айтуға болады. Негізгі екі ошақ Шаңтөбе мен Балкашинода байқалды. Онда халықтың тығыздығы жоғары. Шаңтөбеде шамамен 3 700 адам және Балкашинода-шамамен 4 000 адам қоныстанған. Халықтың көші-қоны және тұрғындардың эпидемияға қарсы шараларды сақтамау індеттің өршуіне әсер етті, - деп түсіндіреді дәрігер.

Бүгінгі күні ауданда әр амбулатория мен ФАП жанында жеті екпе кабинеті жұмыс істейді. Балкашино ауылының орталығында мәдениет сарайы базасында егу кабинеті ашылды. Егер бастапқыда тек бір ғана жылжымалы бригада құрылған болса, қазір ол әрбір амбулаторияның жанында бар. Өйткені медицина қызметкерлері күн сайын шалғай учаскелерге баруға мәжбүр. Сонымен қатар, профилактикалық жұмыстар үнемі жүргізіледі. Дәрігерлер ауданның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

Осы уақытқа дейін КВИ вакцинасының бірінші компонентін 6 034 сандықтаудық алды - 51,4%, ал вакцинация курсын 3 011 адам толық аяқтады. Ауданда барлығы 11 728 адам вакцинациялауға жатады.

Медицина қызметкерлері атап өткендей, тұрғындар вакцинацияға белсенді түрде баруда. Күн сайын аудан бойынша 150-200 адам егіледі.

Біздің ауданда КВИ расталған 50-ден астам бала тіркелген. Қазіргі уақытта екі балада анықталды. Бұрын балалар бұл инфекциямен мүлдем ауырмайды деп есептелген. Бүгінде індет балалар арасында да таралғаны дәлелденіп отыр. Көп жағдайда олар ауруды асимптоматикалық және жеңіл түрде өткізеді. Жүкті әйелдер де ауырады. Бұл жаңа инфекция және аурудың салдары әлі толық зерттелген жоқ. Бірақ мен әрдайым ғасырлар бойы жаһандық індеттер халықтың иммунологиялық қабатын құру арқылы ғана басылды деп айта аламын. Ешкім жаңа дүние ойлап тапқан жоқ. Алғаш ретшешекке қарсы егу өткен ғасырда пайда болды, қазір егу іс жүзінде тоқтатты, өйткені бізде шешек жоқ. Қазір әлеуметтік желілердегі нақты фактілермен расталмаған теріс ақпараттар КВИ вакцинациясына теріс әсер етеді. Көбінесе КВИ вакцинасының қысқа мерзімде жасалғанына баса назар аударылады. Ғылым бір орында тұрмайды. Егер бұрын И.Мичурин гендік инженериямен алма ағаштарын егіп, нәтижесін 10-15 жыл күткен болса, қазір көп уақыт қажет емес. Халықтың иммундық қабатын қалыптастыру арқылы ғана вирус мутациясын тоқтата аламыз. Вакцина өткен жылдың наурыз айында әзірленді. Ал біз ашық түрде вакцинациялауға шақырғанымызға бір жылға жуық уақыт өтті. Адамдар ұжымдық иммунитеттің не екенін түсінбейді. Егер адам вакцина алса, ол оның өз денсаулығына ғана емес, айналасындағыларға деген үлкен жауапкершілігі. Ал халықтың иммундық қабатын қалыптастыру–инфекцияның таралуын тоқтатудың және вирус мутациясының дамуын болдырмаудың ең тиімді әдістерінің бірі, - деп толықтырды Виталий Пиденко.

Өзгелердің жаңалығы