Халықты құжаттандырудың жаңа жүйесі енгізілді

7 Қазан 2021, 11:32
918
Бөлісу:
Халықты құжаттандырудың жаңа жүйесі енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Баймұхамет онлайн брифингте айтты.

Көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтің басым бөлігі электронды форматта жүргізіліп жатыр. 9 айда 475 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2020 жылдан бастап шетелдіктерді тіркеу процесі оңтайландырылды. Бастысы шетелдіктерді қабылдайтын тарап ІІО дер уағында хабарлауы тиіс. Бұл жұмыс визалық көші-қон порталы арқылы автоматтандырылған түрде жүргізіледі, - деді Баймұхамет.

Ол атағандай, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту және оларды электронды форматқа көшіру мақсатында «Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және рәсімдеу» қызметі қаланың халыққа қызмет көрсету орталықтарына берілді.

Бұл ретте азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жетілдіру шаралары жүргізілуде. Халықты құжаттандыру жүйесінің RCA кодына (мекенжай тіркеу коды) көшуі «Электронды үй кітабын» құруға мүмкіндік берді, онда Сіз мекен-жай бойынша қанша адам тіркелгенін көре аласыз. Бұл «резеңке пәтерлерді» анықтауға жол ашты. Сонымен қатар пәтер иелері электронды үкімет порталында өз пәтерінде кім тіркелгенін тексере алады. Жеке басын куәландыратын құжаттарды беру тетігі де жетілдірілуде. Құжаттарды дайындау уақыты мүмкіндігінше қысқартылды, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы