Халықаралық іздеуде болған «ОLIMP KZ» есепшісі ұсталды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстан азаматшасы Елена Антонцеваны Черногориядан экстрадициялады, деп хабарлады&nbsp;Бас прокуратураның баспасөз қызметі.</h4> <br>

 17 Ақпан 2021 2021, 15:54
17 Ақпан 2021 2021, 15:54
2074

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстан азаматшасы Елена Антонцеваны Черногориядан экстрадициялады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Елена Антонцеваға «ОLIMP KZ» Букмекерлік кеңсесі» ЖШС бухгалтер болып жұмыс істеп жүріп, ұйымдасқан топтың құрамында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіріп, ойын бизнесі саласында заңсыз қызметті жүзеге асырды деген күдік келтірілді, - делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта ол Алматы қаласының тергеу изоляторында.

Наверх