Халықаралық импорт көрмесі. Еліміз 105 млн доллардан астам сомаға келісім жасады

11 Қараша 2021, 22:23
960
Бөлісу:
Халықаралық импорт көрмесі. Еліміз 105 млн доллардан астам сомаға келісім жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шанхайда IV Қытай халықаралық импорт көрмесі (CIIE) өз жұмысын аяқтады. Көрме жұмысының 6 күніде 480 000-нан астам келушілер, соның ішінде трейдерлер, өндіруші компаниялар, Қытай және басқа елдердің сауда желілері қатысты.

Қазақстандық павильон көрме жұмысы барысында агроөнеркәсіптік кешеннің жоғары сапалы өнімдерімен назар аударды.

ҚР павильонында «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның қолдауымен (экспорттаушыларды сервистік қолдау аясында) 26 қазақстандық компания өз өнімдерін ұсынды.

Көрме барысында Қытай мен Қазақстан бизнесі арасында В2В онлайн форматта келіссөздер жүргізіліп, 100-ден астам импорттаушылардан байланыс ақпараттары алынды: көрме гибридті форматта өтті және өнім үлгілерін табиғи түрде орналастыру мен кәсіпорындардың қашықтықтан қатысуын көздеді.

Көрме қорытындысы бойынша ҚХР-ға соя, жүгері, арпа, зығыр тұқымы, рапс майы, бидай кебегі түйіршіктері, сиыр еті, құрғақ түйе сүті және т. б. қазақстандық тауарларды жеткізуге келісімшарттарға қол қойылды.

Жасалған келісімшарттардың жалпы сомасы 105 млн АҚШ долларынан асты.

Бірқатар компаниялар әлеуетті қытайлық сатып алушылармен келіссөздерді жалғастыруда.

Барлығы 4-ші Қытай халықаралық импорт көрмесі барысында 70,72 млрд долларға мәмілелер жасалды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6%-ға аз.

Көрмеде өз өнімін Fortune 500 тізіміндегі салалардың көшбасшыларын қоса алғанда әлемнің түкпір-түкпірінен 281 компания ұсынды. 120-дан астам компания төртінші рет, 40 компания көрмеге алғаш рет қатысты.

Көрменің ең үлкен алаңы Агропром өнімдеріне арналды. Осы тақырыптық бөлімде әлемнің 102 елінен 1200-ден астам компания өз тауарларын ұсынды.

CIIE Bureau бас директорының орынбасары Сунь Чэнхайдың айтуынша, көрмеде жаңа өнімдердің тұсаукесерлері бойынша жоғары рекордқа қол жеткізілді: 422 жаңа тауар, технологиялар мен қызметтер бар, олардың 135-і медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы тауарларға арналған көрме аймағында орналасқан.

Көрме ұйымдастырушыларының айтуынша, көрме алаңының 150 000 шаршы метрін қазірдің өзінде әр түрлі компаниялар келесі жылы көрмеге қатысу үшін резервке алып қойған.

Өзгелердің жаңалығы