Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халық санағын 32 мың адам жүргізбек.Оның көбі – интервьюер. Яғни үйлерді аралап, сауалнама жүргізіп, жұртпен тығыз жұмыс істейді. Бұл туралы aikyn.kz хабарлады.
Айта кетсек, еліміздің 18-ден асқан кез келген адамы науқанға интервьюер ретінде қатыса алады. Ниетті азаматтардың әрқайсысымен жеке келісімшарт жасалып, еңбекақы төленеді. Статистика комитеті ресми өкілінің айтуынша, биылғы халық санағына интервьюер ретінде үшінші рет қатысып жатқан егде жастағы азаматтар да бар.
Түркістан облысының Төле би ауданында Оразалы Мүлдеков деген кісі бар. Жасы 70-ке тақап қалған. Біраз қызметтік өмірін статистика саласына арнаған. Осы үшінші халық санағына қатысамын деп отыр. Биылғы халық санағына жаңа технологиялар енгізілуде. Планшет арқылы онлайн жұмыс істейді. Осының бәріне өзі қызығып, халықпен бірге араласуға ниет білдірген жайы бар, – дейді «Ұлттық санақ – 2021» ұйымының ресми өкілі Олжас Сайлаубекұлы.