Халық санағы кезінде қанша адам жұмыспен қамтылады?

17 Тамыз 2021, 17:16
2981
Бөлісу:
Халық санағы кезінде қанша адам жұмыспен қамтылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов хабарлады. Оның айтуынша, биыл халық санағын өткізу кезінде 32 313 адам уақытша жұмыспен қамтылатын көрінеді.

Сондай-ақ ұлттық санақты өткізу кезінде бір адамға жұмсалатын шығындар 1,1 АҚШ долларын құрайды.

Мысалы, 2009 жылғы санақ кезінде бұл сома 2,9 АҚШ долларын, ал санақ бюджеті 6,5 млрд теңгені құрады. Халық санағына жұмсалатын шығындардың төмендеуі цифрлық технологияларды енгізумен және халық санағы процесін автоматтандырумен және қағаз жеткізгіштерден бас тартумен байланысты болып отыр, - деді Ұлттық статистика бюросының басшысы.

Көршілес елдермен салыстырғанда Қырғызстанда 2021 жылғы жағдай бойынша бір адамға шаққандағы ұлттық халық санағының құны – 1,2$, Әзірбайжанда (2019 ж.) – 1,44$, Ресейде – 3,6$-ға (2021 ж.) тең.

Елімізде өтетін биылғы ұлттық халық санағының жаңашылдығы заманауи цифрлық технологияларды енгізуде болып отыр.

Өзгелердің жаңалығы