Халық санағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның жүктемесін азайтады

5 Қазан 2021, 17:43
1540
Бөлісу:
Халық санағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның жүктемесін азайтады

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Тимур Нұртаев санақ барысында алынған халық саны туралы деректер мектеп, балабақша, аурухана мен емханалардағы орын жетіспеушілігімен күресуге, сондай-ақ мегаполис пен елде туындаған басқа да мәселелерді шешуге көмектесетінін айтты.

 
Тимур Таймасұлының пікірінше, халық санағы – кез келген мемлекет үшін өмірлік маңызды оқиға. Олардың саны туралы мәліметтер қалаға жаңа мүмкіндіктер, соның ішінде қаржылық мүмкіндіктер ашуға көмектеседі.

Алматы – қарқынды өсіп, белсенді дамып келе жатқан қала. Бізге тұрақты тұруға және жұмыс істеуге көптеген адамдар келеді. Бірақ тұрғындар неғұрлым көп болса, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға жүктеме соғұрлым жоғары болады. Мегаполистің дамуын болашаққа жоспарлау үшін халық саны туралы нақты мәліметтер болуы қажет, - дейді Нұртаев.

Ол санақ қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге қайта бөліп, көлік жүктемесін дұрыс жоспарлай алатынын айтты. Бұдан басқа, нәтижелер әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу кезінде ескерілетін болады.

Құрылыс компаниясының иесі ретінде халық санағы азаматтардың әлеуметтік маңызы бар нысандар мен инфрақұрылымға деген сұранысын анықтауға көмектесетінін атап өткім келеді, - деп жалғастырды Т. Нұртаев.

Бұл санақтың ерекшелігі – сайттағы санақ парақтарының сұрақтарына жауап бере отырып, өзіңіз туралы деректерді желіде қалдыру мүмкіндігі бар.

Құрылысшы ретінде маған тұрғын үй салынған материалдар туралы сауалдар ерекше есте қалды. Бұл мемлекетке халықтың өмір сүру деңгейіне, тұрмыстық әл-ауқатына байланысты тұрғын үй қорының сапасы туралы нақты түсінік береді. Тек осылай ғана тұрғын үй саясатының, аумақтарды дамытудың ең тиімді бағытын таңдауға, біздің тұрғын үйіміздің сейсмиктер және өңірдің ерекшелігіне байланысты басқа да параметрлер тұрғысынан қаншалықты қауіпсіз екенін түсінуге болады, - деді Т. Нұртаев.
Сарапшы қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша пәтерлерді аралау кезеңі басталғанын, сондықтан қала тұрғындары санақшылардан жасырынбауын, деректердің қолға түспейтінін айтты.


Халық санағы тұрғындардың табыс деңгейін, олардың түрлі игіліктермен қамтамасыз етілуін, өмірмен қанағаттануын, күтулері мен мұқтаждықтарын тіркейді. Осы ақпаратсыз мемлекет жәрдемақы мөлшерін, орташа жалақыны, есептік көрсеткішті және әрқайсымыздың әл-ауқатымызға байланысты басқа да деректерді саналы түрде жоспарлай алмайды, - деп толықтырды сөзін ол.


2021 жылғы санаққа қатысудағы өз тәжірибесінен Тимур Таймасұлы өзекті және өмірлік маңызы бар мәселелер екенін атап өтті.

Кері байланыссыз халықтың нақты сұраныстарын мемлекет толық анықтай алмайды. Сондықтан мемлекет пен халық арасындағы байланыс осы халық санағы арқылы іске асады. Санақ барысында әлеуметтік және инфрақұрылымдық шараларды қалай жүзеге асыру керектігі айқындалады. Демек, санаққа жаппай қатысу қажет. Санақ сұрақтары азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Интервьюлерге есік ашқанда осыны ескерген жөн, - деді Нұртаев.



Өзгелердің жаңалығы