Халық санағы-2021. Елордада жаңа жұмыс орындары ашылады

14 Қыркүйек 2021, 21:49
2829
Бөлісу:
Халық санағы-2021. Елордада жаңа жұмыс орындары ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасы мен қалалық Статистика департаменті халық санағын өткізу кезінде нұсқаушы-бақылаушы және интервьюер лауазымына қызметке қабылдауды жариялайды.

Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтының мәліметіне қарағанда, нұсқаушы-бақылаушылар мен интервьюерлерді қабылдау жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жалпы орта білімі бар 18 жастан асқан адамдар арасында жүргізіледі. Бұл ретте жұмыс өтілі талап етілмейді.

Толығырақ ақпаратты келесі телефон нөмірлері бойынша алуға болады: +7 747 190 98 39, +7 747 190 98 19.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйекте Қазақстанда онлайн-халық санағы басталды, ол sanaq.gov.kz сайтында 15 қазанға дейін жалғасады.

Онлайн-режимде санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін дәстүрлі жаппай аралау 1 қазан мен 30 қазан аралығында өтеді. Санақ кезінде сұхбат алушылар планшет пайдаланады. Алынған мәліметтер тікелей жалпы мәліметтер базасына жіберіледі. Санақ санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып жүргізілетін болады, денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында интервьюерлер міндетті түрде вакцинациялануы тиіс. Санақ қызметкерлерінің мамандарына жалақы есептелетінін, көлік карталары берілетінін атап өткен жөн.

Өзгелердің жаңалығы