Халық өзінің құқығын талап ете бастады – Оразалиева

29 Сәуір 2021, 15:31
1765
Бөлісу:
Халық өзінің құқығын талап ете бастады – Оразалиева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасының кезекті шығарылымында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі департамент директоры Забира Оразалиева айтты.

Халық арасында медициналық көмектің тегін көрсетілетіні насихатталып жатқанының көрсеткіші: халық өзінің құқығын біліп, талап ете бастады. Бұрындары шағымдар есепте тұрмаса, қазір көрсетілмеген қызметтер бойынша оларды тіркейміз. Азаматтар 1406 нөміріне хабарласып, шағымдарын айтып, кеңес алып жатады, - деді ол.

Оразалиева айтқандай, былтыр 720 мыңға жуық шағым мен үндеу келіп түскен.

Хат пен наразылықтардың барлығы қаралып, жауап беріледі. Медицина ұйымдарымен жұмыс істейміз. Қазір 15 млн азамат сақтандырылған. Бұл тұрақты көрсеткіш емес. Себебі тұрақты төлеп келе жатып, жұмыстан шығып қалатындар болады. Ол кезде шартты түрде сақтандырылған болып есептеледі. Жұмыссыз жүрген 3 айда тегін медициналық қызмет беріледі. Тек оны кейін өтеу керек,- деді Забира Оразалиева. 

Ол атағандай, азаматтарға көмек 3 ай тегін көрсетіліп, 4 айда жұмыс таба алмаған жағдайда азаматтар бұл жүйеден шығып қалады.

Мүлдем ресми жұмыс істемегендер ай сайын 2115 теңге төлеп тұрса болады. Осылайша, ол өзін-өзі сақтандырады, - деді Оразалиева.

Өзгелердің жаңалығы