Халық арасында Президентке деген сенім деңгейі 9 пайызға артқан

13 Қаңтар 2021, 11:04
2005
Бөлісу:
Халық арасында Президентке деген сенім деңгейі 9 пайызға артқан
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да 2020 жылдағы Қазақстанда сыбайлас-жемқорлық мәселесі бойынша мониторинг жұмысы туралы өткен брифингте айтты. 

Президентке деген сенім деңгейі 2020 жылы 9 пайызға артқан. Азаматтар мен бизнес-қоғамдастықтардың пікірінше, Президент (70%), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (63% және 65%), Үкімет (59% және 62%), Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (55% және 59%) және Nur Otan партиясы (53% және 55%) барынша сенімге ие, - деді ол. Ол айтқандай, азаматтардың 60 пайыздан астамы жемқорлықпен күресуге дайын екенін жеткізген. 

Азаматтар жемқорлықпен жеке күресуде пара бермей және қажет болған жағдайда құзырлы органдарға хабарласуға дайын екенін жеткізген, - деді ол.

Бұған дейін жемқорлық қандай мемлекеттік органдарда жиі кездесетінін және халық параны қандай қызметтерді алу үшін беретінін хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы