"Халқы шешеді". Ақ үй Путиннің ұсынысына жауап берді

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) өкілі Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға қатысты ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

 pixabay.com 28 Наурыз 2025 2025, 10:47
28 Наурыз 2025 2025, 10:47
2806
Фото: pixabay.com

АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) өкілі Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға қатысты ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Украинадағы билік елдің Конституциясына және халқының таңдауына негізделеді, – деді Ақ үйдің ҰҚК өкілі Путиннің Украинада уақытша әкімшілік құру туралы ұсынысына қатысты сұраққа жауап бере отырып.

АҚШ өкілінің айтуынша, Путин ұсынған БҰҰ қамқорлығымен сырттан басқару орнату бастамасы елде демократиялық сайлау өткізіп, қабілетті үкіметті билікке әкелуге мүмкіндік береді деген пікірге негізделген.

Еске салайық, бұған дейін Ресей басшысы Владимир Путин Украинада уақытша басқару енгізуді ұсынған еді.

Наверх