«Халифа Алтай» мешіті 100 отбасыға қайырымдылық жасалды

1 Маусым 2021, 18:10
6557
Бөлісу:
«Халифа Алтай» мешіті 100 отбасыға қайырымдылық жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету бағытында бірқатар игі бастаманы жүзеге асырып жатыр.

Қайырымдылық шараларын кең өрістетіп, аналарға құрмет көрсету, әсіресе, көп балалы, тұрмысы төмен аналарды қолдау, қайырымдылық жасау туралы барлық мешіт имамдарына тапсырылған болатын.

Осы айлық аясында «Өскемен орталық мешіті» Өскемен қаласында тұратын 100 отбасыға қайырымдылық жасады. Шара барысында отбасыларға мешіттен азық-түлік тарту етті. Қайырымдылық көмегін мешіт қызметкерлері мен ерікті жастар таратып берді.

Діни басқарманың тапсырмаларын өңірде насихаттау, шынымен көмекке мұқтаж отбасыларға жәрдем ету біздің басты парызымыз. Өскемен мешіті қайырымдылық шарасын әркез кеңінен өткізіп келеді, әрі бұл бағыттағы жұмыстар алда да қарқынды атқарылмақ, - деп атап өтті «Өскемен орталық мешітінің» бас имамы Бауыржан Нығызбекұлы.

Өзгелердің жаңалығы