Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атақты ресейлік спортшы Хабиб Нұрмагомедов қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді.
Бұл жолы Хабиб 2018 жылы жеңіп алған чемпиондық белбеуін үшінші мәрте қорғады. Оған америкалық Джастин Гэтжи қарсылас атанды.
Алғашқы раундта қос спортшы да белсенді қимылдап, бірнеше дәл соққы жасай білді. Екінші раундта Хабиб Нұрмагомедов қарсыласын тұншықтыру әдісіне салып, жеңіске жетті.
Осылайша жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов 29-жекпе-жегінде озық шықты.
Шоу пандемияға байланысты көрерменсіз өтті.
Жекпе-жектен кейінгі сұхбат кезінде Хабиб көз жасына ерік беріп, бұл оның соңғы жекпе-жегі екенін, үлкен спорттан кететінін мәлімдеді. Әкесінің өлімінен кейін ол анасына енді жекпе-жекке шықпауға уәде еткен көрінеді.
2008 жылы менің спорттағы жолым бастау алды. 2012 жылы UFC-мен келісімшартқа отырдым. Мен таулы өлкенің қарапайым баласымын. Егер атан-аналарыңыз бар болса, әрдайым жанында болыңыздар. Менде тек анашым қалды. Мен енді оның жанында болғым келеді, - деді Хабиб.
Оның айтуынша, ол UFC басшылығын өзін топ-жекпе-жекшілер арасындағы сейсенбі күні шығатын жаңа рейтингіде алғашқы орынға қоюды сұрағанын айтты.
Мен бұған лайықтымын, - деп қосты спортшы.
Өз кезегінде Нұрмагомедовтің отаны Дағыстанда спортшының жеңісін жаппай тойлап жатыр.
Желіде пайда болған видеоларға назар аударсақ, Дағыстан көшелеріне көп адам жиналып, салют атып жатыр.
Кейбірі «Хабиб, Хабиб!» деп спортшының есімін айқайлап айтса, кейбірі лезгинка билеп қуанышын жасыра алмай жатыр.
Жолдарда кептеліс, көліктер жаппай сигнал басуда.