Хабиб Нұрмагомедов ең үздік жаттығуды атады

9 Тамыз 2023, 13:05
949
Бөлісу:
Хабиб Нұрмагомедов ең үздік жаттығуды атады
Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov

UFC экс-чемпионы Хабиб Нұрмагомедов спортшы үшін ең пайдалы жаттығу түрін атады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ол әлеуметтік желісінде жекпе-жек түріне қатысатын спортшы үшін ең жақсы жаттығу тартылу екенін айтты. Нұрмагомедов турникке күніне 50 рет тартылуға кеңес береді. Сөзінше, бұл төзімділікті айтарлықтай арттырады.

Белтемірге тартылу - жекпе-жектің қай түрінен болсын есе жібермеуге көмектесетін әдіс. Күніне 50 рет турникке тартылуды әдетке айналдырсаңыз, бір жылда қаншалықты оң нәтижеге қол жеткізгеніңізді байқайсыз, - деді танымал спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Бұған дейін қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жеткенін жазған едік. Алмабаевтың жекпе-жегі екі раундқа созылып, тұншықтыру әдісімен жеңіске жеткен болатын.

Сондай-ақ Асу Алмабаевтың жеңісінен кейін қанша пайда тапқаны белгілі болды.

Назерке Өтеген

Өзгелердің жаңалығы