"Хабар" телеарнасы тікелей эфирде Мейвезер мен Готти арасындағы жекпе-жекті көрсетеді

Бөлісу:
"Хабар" телеарнасы тікелей эфирде Мейвезер мен Готти арасындағы жекпе-жекті көрсетеді

Бокс әлемінде спорт жанкүйерлерімен шектелмей, әлдеқайда кең ауқымда талқыланатын жекпе-жектер сирек кездеседі.

Осындай жекпе – жектердің бірі - аты аңызға айналған Флойд Мейвезер мен Джон Готти III арасындағы кездесу.

Бұл жекпе-жек ертең, яғни 2024 жылғы 25 тамызда сағат 06:00-де "Хабар" телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

"Money" ("Ақша") деген атпен танымал Флойд Мейвезер – кәсіпқой бокс тарихындағы ең үздік боксшылардың бірі. Ол спорт жанкүйерлері арасында өзінің қорғаныс стилімен, керемет жылдамдығымен және жекпе-жекті әрқашан бақылауында ұстай алатын қасиетімен кеңінен танымал. 50 жекпе-жегінің барлығында мерейі үстем болған ол Мэнни Пакьяо, Сауль "Канело" Альварес және Оскар Де Ла Хойя сияқты атақты қарсыластарын да жеңген.

Мейвезердің Готти III-пен жекпе-жегі ойын-сауық пен медиа әсері жағынан да, таза спорттық нәтиже жағынан да зор қызығушылық тудырып отыр.

Джон Готти III - спорт әлемінде ерекше орны бар әйгілі Джон Готтидің немересі, "Тефлон Дон" деген атпен танымал. Өзінің мансабын спортсаласында құруға шешім қабылдап, ММА-дан бастаған. Онда жүріп жақсы нәтиже көрсеткен соң боксқа ауысқан.

Ертеңгі спорт додасы Мексикадан өтеді.

"Хабар" агенттігі спорт әлеміндегі қызықты оқиғаларды әрдайым назарда ұстап, көрерменге ұсынып келеді. Ертеңгі жекпе-жек те биылғы жылдың спорт саласындағы маңызды оқиғаларының қатарына енері анық.

Өзгелердің жаңалығы