"Хабар" агенттігінің бұрынғы бас директоры, 66 жастағы Владимир Рерих Берлинде дүниеден озды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл ақпарат әлеуметтік желіде жарияланып, марқұмның бұрынғы әйелі, елімізге белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт растады.
Владимир Рерих - танымал қазақстандық тележүргізуші және медиа менеджер.
Ашық дерркөздердегі мәліметке сүйенсек, ол 1987-1994 жылдары «Советтік Қазақстан» киножурналында режиссердің көмекшісі, редактор, кейін «Қазақфильм» киностудиясында режиссер, сценарист, көркемдік жетекші қызметтерін атқарған.
1996-2003 жылдары «Хабар» агенттігінде басшылық қызметтерде (бас директордың бірінші орынбасары – басқарма төрағасының кеңесшісі, бас директор) жұмыс істеген.
2006-2011 жылдары - Еуразиялық медиа форумның бас продюсері, «Хабар» телеарнасындағы «Поздний Рерих» телебағдарламасының авторы және жүргізушісі болған.
Владимир Рерих 2012 жылы Германияға қоныс аударған.