Х. Ерғалиев – Таңдай жолында жүк көлігінің қозғалысына шектеу енгізілді

2 Маусым 2024, 21:50
360
Бөлісу:
Х. Ерғалиев – Таңдай жолында жүк көлігінің қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: скрин

Атырау облысында Х. Ерғалиев – Таңдай жолында жүк көлігінің қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы бес күннен бері Х. Ерғалиев - Таңдай бағытындағы жолды су басу жағдайы сақталып отыр, – жазды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.

Судың көп мөлшерде келуіне байланысты, топырақтың да, асфальттың да жоғары деңгейдегі ылғалдылығы байқалуда.

Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында, аталмыш жолда жүк машиналарының қозғалысына шектеу енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы