"Ғылыми тұрғыда дұрыс шешім". Үкімет қазіргі уақыт белдеуін қолдайды

Бүгiн, 14:56
322
Бөлісу:
"Ғылыми тұрғыда дұрыс шешім". Үкімет қазіргі уақыт белдеуін қолдайды
Фото: pixabay.com

Үкімет уақыт белдеуіне қатысты шешімді қолдайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сауда министрі өз баяндамасында қолданыстағы уақыт белдеуіне қатысты жан-жақты дәлелдерді келтіре отырып нақты жауап берді. Үкімет бұл шешімді қолдайды. Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден-бекер ауысқан жоқпыз. Ел аумағының көп бөлігі 5-ші уақыт белдеуінде орналасқан. Сондықтан ғылыми тұрғыдан бұл дұрыс шешім. Сауда және Ақпарат министрліктеріне жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырамын, - деді Үкімет басшысы.

Бұған Сауда министрі Арман Шаққалиев Қазақстан неге 5-ші уақыт белдеуіне көшкенін түсіндірді.

Өздеріңіз білетіндей, осы жылы 19 қаңтарда "Уақытты есептеу тәртібі туралы" Үкімет қаулыға өзгеріс енгізу арқылы, ел аумағында UTC+5 сағат белдеуін қолдану туралы шешім қабылдады. Бұл шешім – Қостанай және Қызылорда облыстары азаматтарының бірнеше жыл бойы осы мәселені көтерген көптеген өтініштерін ескере отырып қабылданды, - деді министр.

Сондай-ақ уақыт белдеуі өзгертілмей тұрып, Арман Шаққалиев Шығыс Қазақстанға барғанын айтады. Министрдің сөзінше, ғылыми негіздегі шешімді халықтың жартысы қолдаған. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, маман уақыт белдеуі өзгеруінің адам денсаулығына әсері туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы