Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Қарапайым заттардан бастап, күрделі ой-тұжырымдарға дейін, барлығы да ғылымның жемісі. Шын мәнінде, ілім-білім арқылы бүкіл жаратылысты терең танып білеміз". Бұл - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық ғылым академиясының сессиясында айтқаны.
Ал елімізге инновациялық жүйенің тиімді дамуы үшін ғылыми-зерттеу қызметін барынша күшейту қажет.
Елімізде инновациялық жүйені қалыптастыру мен оны дамыту үшін жоғары оқу орындарына маңызды міндет жүктелді. Негізінде университеттердің басты міндеті – студенттерді, магистранттарды, докторанттарды тәрбиелеу және түрлі ғылыми зерттеулер жүргізу. Алайда, жоғары оқу орындарының көпшілігінің, нақтырақ айтқанда, экономиканың аграрлық секторы үшін кадр даярлайтын ғылыми-зерттеу бағыты төмен. Университеттерде жан-жақты өндірістік тәжірибе өткізетін технологиялық алаңдар мен тәжірибе алқаптары, (тәжірибелік жер учаскелері) өндіріс орындарының жетіспеушілігі байқалады. Бір сөзбен айтқанда, жоғары оқу орындарының көпшілігде ғылыми ұйымдармен байланыс жоқ. Соның салдарынан профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми зерттеулерге деген қызығушылығы аз. Оқыту мен ғылыми-зерттеу процестің бір-бірінен ажырап кетуі – дарынды студенттер мен тәжірибелі зерттеушілер арасындағы шығармашылық байланыстың үзілуіне әкеп соты. Салдарынан елдегі ғылым ақсап, өндіріс отандық ғылымнан ажырап қалды.
Әлемдегі алдыңғы қатарлы зерттеу университеттерінің тәжірибесі көрсеткендей, көптеген танымал инновациялық компаниялардың пайда болуы мен олардың негізін қалаушылардың басым көпшілігі студенттік шақтан бастап ғылыми-зерттеу қызметімен айналысып, өзіндік ой-пікірін қалыптастырғандар. Олар жас кезінен университеттен бастап ғылыми-зерттеудің ең маңызды құрал екенін түсінген. Сондықтан компания ең алдымен коммерциялық атмосфераға өтпей, оның құрылтайшыларының табысқа жетуі мүмкін емесін түсінеді. Бір сөзбен айтқанда, университет бітіріп шыққан жас маман қолына дипломын алып, ғылым мен коммерциялық тұрғыда білікті болып шығуы шарт.
Егер студентке осындай талап қойсақ, еліміздегі зерттеу университеттері де осы деңгейге сай болуы керек.
Іргелі теориялық білім беру мен тәжірибеде апробациялау; екеуі де зерттеу университеттерінің білім беру бағдарламаларын әзірлеуде басым мәнге ие. Яғни зерттеу университеті – еліміздегі ғылыми-зерттеу институттарының симбиозы.
Бүгінгі таңда еліміздегі мұндай талапқа жауап бере алатын тәжірибе алаңының бірі – А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы.
Орталық соңғы бірнеше жылда жоғары нәтижеге қол жеткізе бастады. Университеттер мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекші ғалымдарымен бірлесе отырып, 8 кешенді ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асырды. Алғашқы нәтижелер де жаман емес. Мұны экономиканың аграрлық секторы үшін кадр даярлауда ерекше мүмкіндік әрі жетістік деп айтуға болар еді.
Елордадағы С.Сейфуллин атындағы аграрлық университеттің еншілес ұйымы ретінде қайта құрылған орталық айналасы екі жылдың ішінде университетпен бірлесіп студенттердің құзыреттілік орталығын құрды. Онда 50-ден астам магистрант, 10 докторант, «Агрономия», «Топырақтану және агрохимия», «Өсімдіктерді қорғау және карантин», «Селекция және тұқым шаруашылығы» салалары бойынша білім беру бағдарламалары негізінде өндірістік тәжірибелер жүргізіліп, жастарды ғылыми бағытқа баулып келеді. Сонымен қатар өздері де жастармен бірге зертханалар мен өндірістік алқаптарда тәжірибеден өтеді. Бұл саланың жандануы барысындағы аса үлкен мүмкіндік.
Жастар орталыққа келген сәттен бастап ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа перспективалы сорттарын жасау, оны өсіру, себу және далалық тәжірибелерді жүргізудің барлық технологиялық процессіне қатысады. Олар АШМ мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің бюджеттік бағдарламалары бойынша университет пен еншілес ұйымдардың технологиялық платформаларын пайдаланып, республиканың агроөнеркәсіптік кешенінің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен бірлесіп, ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асырады.
Бұдан бөлек, орталықтың ғылыми қызметкерлері кандидаттық және докторлық диссертацияларды басқарумен айналысады. Яғни, ғылым-білім мен өндірістің ұштасуы бұрынғыдан да тығыз әрі тиімді бола түседі.
Жоспарланған стратегиялық міндеттерді одан әрі ілгерілету және орталықтың тұрақты қаржылық жағдайына қол жеткізу үшін университетпен бірлесіп материалдық-техникалық базаны жаңарту, инфрақұрылымды дамыту және ғылыми қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында мемлекеттік инновациялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары басталды. Жобаларды іске асыру аясында 250 орындық пәтер үлгісіндегі жатақхана құрылысы жүргізіліп жатыр. Ақпараттық ресурстар қарқын алып, ұйымның ғылыми кітапханалар желісі біріктірілді. Бұл өз кезегінде ғалымдар мен білім алушылардың еш кедергісіз ізденуіне мүмкіндік береді. Орталықта соңғы бірнеше жыл ішінде 13 мамандандырылған, 5 талдау зертханасы заманауи құрал-жабдықпен, қажетті аспаптарымен жабдықталды. Ғылым нәтижелі болу үшін зертхана жұмысы кедергісіз болуы керек. Бұл – ғалымдардың орталыққа қойып отырған талабы.
Өткен қыста ғана орталыққа болашағынан зор үміт күттіретін жас ғалымдар келді. Олардың көпшілігі халықаралық деңгейде тағылымдамадан өтіп, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында білім алған. Жас ғалымдар ғылым тілі саналатын – ағылшын тілін жетік меңгерген. Еліміздің ғылыми әлеуетін нығайта отырып, өздерінің тәжірибесін дәлелдеу мақсатында келген жастар астаналық агротехникалық университеттің нұсқауымен жұмысқа ораласты. Олардың қатарында 5 PhD доктор, 10 докторант пен магистрант бар. Жас мамандардың қатарға қосылуымен орталықтағы жас ғалымдардың басымдығы 35 пайызға жетті. Бұл өте қуанарлық жағдай. Жас зерттеушілер университеттің бюджеттен тыс қаражаты есебінен жеке ғылыми гранттар жүйесі бойынша конкурстарға қатысты. Бір жылда гранттық қаржыландыру жобаларының жас ғылыми жетекшілерінің саны үш есе өсті. Бұл мемлекеттің Кәсіпорындарды дамыту бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып отыр.
Агротехникалық университеттің жас ғалымдарының бастамасымен Дамса ауылының тұрғындарымен серіктестік негізінде жүзеге асырылып жатқан «Құс: Ауладан дастарханға дейін», бал конвейері және т.б. бірқатар бірлескен әлеуметтік жобалардың маңыздылығы ерекше. Серіктестікке мүше болғандардың басым көпшілігі шаруашылықтарда жұмыс істейтін ауыл тұрғындары. Бұл бастаманың барлығы Жас ғалымдар кеңесінің қарқынды жұмысының нәтижесі деп айтуға болады. Бүгінгі таңда ғылыми зерттеу университетінде жас ғалымдардың үлес салмағы 33%. 2024 жылға қарай бұл көрсеткішті 43 пайызға жеткізу жоспарланған. Демек жас ғалымдардың әлеуметтік те, қаржылық та әлеуеті көтеріледі деген сөз.
Орталықтың қызметкерлері мен ауыл тұрғындары әлеуметтік қызметтерді алғашқы болып алады.
Еңбек ұжымындағы әлеуметтік әріптестік тәжірибесі де ерекше. Барлығына қамқорлық, барлығына көңіл бөлу – орталық қызметінің әлеуметтік бағытының лейтмотиві деуге болады.