Ғұрыптық қызметкерлер зираттарды тазалады

1 Маусым 2021, 19:25
2013
Бөлісу:
Ғұрыптық қызметкерлер зираттарды тазалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти, хазіреттің тапсырмасымен ел көлемінде барлық мешітте зираттарды тазарту туралы «Өткенге құрмет - ұрпаққа міндет» атты акция жарияланған болатын.

Осы акция аясында Өскемен аймағындағы мешіттер ауыл, қала, аудан көлеміндегі барлық зиратта тазалық жұмыстарын сапалы атқарды. Бұл жұмыстарға мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағат тартылды.

ҚМДБ-дан арнайы бекітілген зират және зиярат ету мәдениеті құжаты халыққа кеңінен түсіндіріліп жатыр. Зират тазалығы аса маңызды. Шара барысында желмен ұшып келіп, зираттардың арасына жиналған әртүрлі қоқыстар және адам жүруге қиындық келтіретін арам шөп тазартылды. Өткендерге құрмет көрсетуі бұл ізгілік және мұсылмандық парыз, - деді Өскемен аймағы бойынша «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының жетекшісі Аманбол Хуатұлы.

Сонымен қатар зират басында марқұмдардың рухына арналып құран бағышталды.

Өңір жұртшылығы осындай игі бастамаға риза болып, бірге атқарысып, жан-жақты қолдау көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы