Гурбангулы Бердімұхамедов ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

4 Шілде 2024, 10:17
324
Бөлісу:
Гурбангулы Бердімұхамедов ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
PHOTO
Фото: primeminister.kz

Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан астанасына келді. Әуежайда түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Гурбангулы Бердімұхамедов алғаш рет өткізіліп отырған «ШЫҰ плюс» форматындағы кездесуге қатысады, ол «Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» ұранымен өтеді. Отырысқа байқаушы мемлекеттердің басшылары, құрметті қонақтар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

Гурбангулы Бердімұхамедов ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастар достық пен стратегиялық әріптестік негізінде дамуда. Транзиттік-көлік саласында бірлескен өзара тиімді жобалар бар, газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша қадамдар белгіленген.

Гурбангулы Бердімұхамедов ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда көлемі $563 млн құрады, осылайша 2022 жылмен салыстырғанда 28%-ға ұлғайды. Биыл да оң үрдіс сақталды: 4 айда өзара сауда көлемі өсіп, $167,8 млн-ға жетті.

Гурбангулы Бердімұхамедов ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
Өзгелердің жаңалығы