Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова 1986 жылы Алматы қаласында өткен Желтоқсан оқиғасына қатысқанын алғаш рет мәлімдеді. Бұл оқиға Аман Тасығанның "Ең алғашқы" бағдарламасында айтылды.
Талай адамды қан қақсатқан Желтоқсан көтерілісі өткен 1986 жылы Гүлзира Айдарбекова Алматыда болған. Сол жылы 18 жасар қыз алғаш рет жұмыс істеуді бастаған.
1986 жылы "Үйбасқаруға" (Домуправление - автор) жұмысқа орналастым. Аталған ғимараттың астында "Эдельвейс" деген клуб болды. Сол жерде жұмыс істейтінмін. Бір күні жұмыстан шығып келе жатсам, жұмыс маңындағы трибунаның үстінде біреу сөйлеп тұр екен. Адамдар көп болды. Әсіресе, жастар, студенттер көп болды. Менде барып тыңдап тұрдым. Бізді дубинка ұстаған солдаттар қоршап тұрды. Көтеріліс болған кезде менде ортасында қашып жүріп аяғына дейін болдым. Осы оқиғаны көрген соң үйге барып тамақ батпай әбден жыладым. Айман деген тәтенің үйінде 3 қыз тұратынбыз. 4-шісі болып мен қосылғам. Сол 3 қызды "бізде шығайық, қанымыз қазақ" деген ұран айтып қыздарды алып шықтым, - дейді продюсер.