Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің үлкен қызы Гүлнара Ташкентте ұсталды және қамауға алынды. Бұл туралы «Интерфакс» республиканың бас прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Оның бостандығын шектеу жазасын жалпы режимдегі колонияға қамап, бостандығынан айыруға ауыстырды. Билік өкілдері мұны Гүлнараның бұған дейінгі сот үкімін: жазаны өтеу тәртібі мен талаптарын бұзғаны үшін жасап отыр.
2017 жылдың желтоқсанында Гүлнара Кәрімоваға 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілген. Бірақ жарты жылдан кейін оның жазасы 5 жылға бостандығын шектеу болып өзгертілді. Дегенмен Гүлнара заң өкілдерінің талаптарына: үйінен ешқайда шықпау, байланыс құралдарын пайдаланбау дегенге құлақ аспай, заңды бұзды. 2018 жылдың қазанында «Азаттық радиосы» (өзбек редакциясы) оның Өзбекстан шекарасынан шығып, Дубайға кеткенін хабарлады.