Гүлмира Сатыбалды екі айға қамауға алынды

19 Наурыз 2022, 07:51
2405
Бөлісу:
Гүлмира Сатыбалды екі айға қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана соты Гүлмира Сатыбалдыны 2 айға қамауға алуға санкция берді.Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімет таратты.

18 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының ауданаралық мамандандырылған тергеу соты күдікті Г.К. Сатыбалдыны 2 айға қамау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Тергеудің өзге деректері Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды, - деп жазылған хабарламада. 

Еске салсақ, бір күн бұрын Қайрат Сатыбалдыұлымен бірге оның бұрынғы жұбайы да күдікке ілінген болатын. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, агенттік Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

 

Өзгелердің жаңалығы