2022 жылы кесілген гүлдер мен бүршіктердің тауар айналымы 48,8 млн АҚШ долл құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ҚР Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 9,7%-ға жоғары (44,4 млн АҚШ доллары).
Өз кезегінде, Қазақстан гүлдерінің экспорты 2022 жылы 10,1%-ға өсіп, 2,7 млн АҚШ долларына жетті.
Сондай-ақ Қазақстан гүлдердің келесідей түрлерін экспорттайды:
раушан - 2,2 млн АҚШ доллары (үлесі 80,6%),
гүл шоқтарын қалдыруға немесе сәндік мақсаттар үшін жарамды басқа да жаңа гүлдер мен бүршіктер – 220,2 мың доллар АҚШ доллары (8,2%),
хризантема - 169,4 мың АҚШ доллары (6,3%),
қалампыр – 111,8 мың АҚШ доллары (4,2%),
лалагүлдер - 10,4 мың АҚШ доллары (0,4%),
орхидеялар – 8,6 мың АҚШ доллары (0,3%),
басқа кесілген гүлдер мен бүршіктер – 760 АҚШ долл (0,03%),
ранункулдар-331,2 АҚШ доллары (0,01%),
гладиоли-1 110 АҚШ доллары (0,004%).
Сондай-ақ Қазақстанға гүл импорты 2022 жылы 9,7%-ға өсті (46,1 млн АҚШ доллары).
Жалпы Қазақстан гүлдердің келесі түрлерін импорттайды:
раушан гүлдерін - 30 млн АҚШ доллары (65,2% үлесімен),
хризантема - 6,2 млн АҚШ доллары (13,5%),
гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттар үшін жарамды басқа да жаңа гүлдер мен бүршіктер – 5,8 млн АҚШ доллары (12,6%),
басқа кесілген гүлдер мен бүршіктер - 1,4 млн АҚШ доллары (3,1%),
лалагүлдер - 1,2 млн АҚШ доллары (2,7%),
қалампыр-1 млн АҚШ доллары (2,3%),
орхидеялар – 241,3 мың доллар АҚШ доллары (0,5%),
ранункулдар-79,2 мың АҚШ доллары (0,2%),
гладиоли-7,9 мың доллар АҚШ (0,02%).