Өткен түні полицейлер ВАЗ жүргізушісінен тоқтауды талап еткен. Алайда жас жігіт жылдамдықты арттырып, жасырынуға тырысқандықтан, оның артынан қуу басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Автөкөлік қозғалысын 20 минут бойы жалғастыра берген. Инспекторлар қызметтік УАЗ-бен жолды жауып, көлікті тоқтата алды. Тізгінде 17 жасар жасөспірім мас күйінде болған. Жасөспірім ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол үшін ата-анасы жауапкершіліктен босатылмайды, - деп хабарлады полицейлер.
Айта кетейік, бұған дейін астаналық полицейлер қызбен танысып, кофесіне есірткі салып жіберген жігітті ұстаған еді.
Оқи отырыңыз: