Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіні 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Бұл туралы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлады.Әсел Айтпаеваның өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған қазақстандық екі айға қамауға алынды. Ол адам саудасымен айналысты деп айыпталуда.
2021 жылғы 25 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты азамат М.-ны 2 ай мерзімге, 2021 жылғы 15 шілдені қоса алғанда қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Қазіргі таңда күдікті Грузия Республикасында жұмысқа орналастырамын деген сылтауымен пайдалану мақсатында А-ға қатысты мәміле жасады деп күдіктелуде, бұл абайсызда оның өліміне әкеп соққан (ҚК-нің 128-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы), - делінген хабарламада.Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан қаласы полициясы Грузияда ауыр қылмыс жасады деген күдікпен қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның алыс туысы Мұрат Мейірбековті ұстаған болатын.
Әсел Айтпаева 5 мамырға қараған түні Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қыз тоғызыншы қабаттың терезесінен құлап кетті. Оның апайы қайтыс болғанға дейін қыз өзінің құрбысына аудио жазба жіберіп үлгергенін айтады. Онда белгісіз ер адамның оған зорлық көрсетіп, қорқытқанын естуге болады.
Тергеу барысында Грузия азаматы Зугдиди Бесик Тордуа ұсталды, ол зорлау және суицидке дейін жеткізу айыбы бойынша айыпталуда. Ол 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваға қатысты істі өз бақылауына алған болатын.
Грузиядағы «Сафари» құқық қорғау ұйымы Тбилисиде жұмбақ жағдайда қаза болған Әсел Айтпаеваның анасы Айсұлу Айтпаеваға адвокаттың тегін көмегін ұсынды.Айыппұл үшін әкесі қызының мүрдесін алып кетуге бара алмаған.