Грузияда наразылыққа шыққандар парламент ғимаратын өртеді

Грузия парламентінің ғимараты өртке оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 видеодан кадр 1 Желтоқсан 2024 2024, 03:14
1 Желтоқсан 2024 2024, 03:14
743
Фото: видеодан кадр

Грузия парламентінің ғимараты өртке оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

АPA.AZ басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, өртке ғимараттың терезесіне қарай атылған петарданың жарылуы себеп болуы ықтимал.

Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Бұған дейін Грузияның ІІМ баспасөз қызметі наразылық шеруіне шыққандар парламент ғимаратының қасбетіндегі оншақты терезені сындырғандарын айтқан. Әйнектерден бөлек, наразы топ тас және өзге заттарды лақтырып, заңнамалық орган ғимаратының темір қоршауларын да сындырып кеткен.

Әлеуметтік желілерде өрт орнынан бейнероликтер таралып жатыр.

Наверх