Грузия президенті елде өткен сайлаудың нәтижесін мойындамады

Бүгiн, 11:38
166
Бөлісу:
Грузия президенті елде өткен сайлаудың нәтижесін мойындамады

Грузия президенті Саломе Зурабишвили парламент сайлауының нәтижесін заңсыз деп таныды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

"Дойче Велле" басылымының хабарлауынша, ол арнаулы брифинг өткізіп, онда "саяси доданың қорытынды мәліметтері бұрмаланған" деп мәлімдеген. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше өткен парламент сайлауында билік басындағы "Грузия арманы" 54 дауыс жинап, жеңіске жеткені хабарланған еді. 

Парламентке "Мықты Грузия " мен "Грузия үшін" партиялары өткен. Саяси додаға барлығы 18 партия, 3 жарым миллионнан астам сайлаушы және 1700 байқаушы қатысқан.

Өзгелердің жаңалығы