Грузия президенті дау тудырған заңды жояды

8 Наурыз 2023, 13:18
909
Бөлісу:
Грузия президенті дау тудырған заңды жояды
Фото: Mtavari Arkhi

Грузия парламенті «Шетелден агенттері туралы» заң жобасын   мақұлдады. Заң жобасын 150 депутаттың 76-сы қолдап, 13-і қарсы болған, 61 депутат қалыс қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Заң жобасы мақұлданған соң шерушілер мен оппазиционерлер Парламент ғимаратын қоршап алуға тырысты.

АҚШ-тың Тбилисидегі елшілігі мұны «Грузия демократиясына түскен дақ» атады. Ал ЕО  Грузияға ЕО-ға үміткер болу туралы 12 ұсыныстың кем дегенде екеуіне қайшы келеді дейді.

«Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» заң жобасында кірісі 20 пайыздан астамы шетелден алынған коммерциялық емес заңды тұлғалар мен бұқаралық ақпарат құралдарын сыртқы ықпал ету агенті ретінде тіркеу қарастырылған. Шетелдік ықпал агенті ретінде тіркелуден жалтарғаны немесе декларацияны толтырмағаны үшін ұйымға 25 000 лари (9 000 долларға жуық) айыппұл салынады. Мұндай заңнама Ресейде бар.

АҚШ-та сапармен жүрген Грузия президенті Саломе Зурабишвили демонстранттарды қолдап үлгерді. Ол қоғамның осындай өткір реакциясын тудырған шетелдік агенттер туралы заңға вето қоятынын мәлімдеді.

Оның мәлімдеуінше, бұл заң Мәскеудің сөзінен шығып отыр. 

Мені тек Грузияның келешегі мен оған кепіл болған конституциясы қызықтырады. Онда Грузияның Еуропада өзін табуы үшін бүкіл мемлекеттік институттар, бірінші кезекте мен және үкімет пен билік бәрін жасауға міндетті делінген. Бүгін заң жобасына дауыс бергендердің бәрі конституцияны бұзып отыр. Бізді Еуропадан алшақтатып жатыр, - деді президент.

Өзгелердің жаңалығы