АҚШ-тың президенті болып сайланған Дональд Трамп пен оның партиясы Гренландияны сатып алуға кірісіп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі FOX News басылымына сілтеме жасап.
Теннеси штатының өкілі Энди Оглс Даниямен келіссөздер жүргізу үшін Трампқа өкілеттік беретін заң жобасын әзірленіп жатыр.
Гренландия Солтүстік Америкада орналасқанымен, Еуропамен тарихи-мәдени және геосаяси байланыстарға ие екенін атап өткен жөн.
Fox News Digital басылымынп сүйенсек, бұл заң жобасы "Гренландияны қацта ұлы етейік туралы заң" (ағылш. Make Greenland Great Again Act) деп аталады.
Джо Байден соңғы төрт жылда біздің беделімізді түбірімен құртты. Ал Дональд Трамп президент ретінде қызметіне кіріспей жатып-ақ әлемге "Америка бірінші" саясатының қайта оралғанын көрсетіп жатыр. АҚШ-тың экономикалық және қауіпсіздік мүдделері енді ешқашан кейінге шегерілмейді. Республикалық партияның өкілдері Трамптың америкалықтар үшін нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге дайын, – деді Оглс Fox News Digital басылымына берген сұхбатында.
Аталған заң жобасы Трампқа 20-да ант беру рәсімінен кейін бірден Даниямен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік береді.
Дания Корольдігімен Гренландияны АҚШ-қа қосу туралы келісімге келгеннен кейін 5 күн ішінде президент барлық тиісті құжаттар мен материалдарды Конгресс комитеттеріне тапсыруы керек, – делінген заң жобасында.
АҚШ Конституциясы бойынша қаржыға қатысты шешімдер Конгреске тиесілі. Сондықтан атқарушы билік Конгрестің мақұлдауынсыз федералды үкіметке қандай да бір сатып алу жүргізе алмайды.
Энди Оглстың бұл бастамасын 10 республикалық өкіл, оның ішінде Майк Лоулер (Нью-Йорк), Диана Харшбаргер (Теннеси), Майкл Рулли (Огайо), Дэн Креншоу (Техас), Анна Паулина Луна (Флорида), Клаудиа Тенни (Нью-Йорк), Нил Данн (Флорида), Барри Мур (Алабама), Рэнди Вебер (Техас) және Өкілдер палатасының жаңа Ғылым комитетінің төрағасы Брайан Бэбин (Техас) қолдап отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Дональд Трамптың АҚШ-қа қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Гренландия қажет екені туралы айтқанын жазған болатынбыз.