Еуропалық Одақ елдерінің мемлекет және үкімет басшылары 22 қаңтарда Брюссельде Гренландия төңірегіндегі жағдайға арналған шұғыл саммитке жиналады. Бұл туралы Еуропалық Кеңес төрағасының өкілі Антонио Коста мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.
Саммитте АҚШ президенті Дональд Трамптың Гренландиядағы ұстанымына байланысты Германияға және Еуропаның жеті еліне қарсы 10 пайыздық баж салығын енгізу қаупіне қатысты ортақ жауап қарастырылады. Еурокомиссия өкілі 7 ақпанда америкалық тауарларға арналған арнайы тарифтер күшіне енуі мүмкін екенін растады. Баждар автомобильдер, ұшақтар, сиыр еті, виски және цитрус сияқты тауарларға әсер етуі ықтимал.
Гренландиядағы дағдарыстың түпкі себебі – АҚШ-тың аралға бақылау орнатуға ұмтылысы. Арал қазіргі таңда Дания Корольдігінің құрамындағы автономиялық аймақ болып табылады және НАТО-ның ұжымдық қорғаныс жүйесімен қорғалған. Дания және басқа еуропалық шенеуніктер АҚШ-тың қосымша әскерін тек хабарлама арқылы орналастыра алатынын атап өтті.
ЕО елдері АҚШ-тың ықтимал жаңа баждарына жауап ретінде американдық компаниялардың өз аумағында жұмысын шектеу сияқты шараларды қарастыруда.