Грекияда теңіз жағалауында магнитудасы 5,0 балды құраған жер сілкінісі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Еуропалық-жерортатеңізі сейсмология орталығы мәлімдеді.
Табиғи апаттың эпиошағы 1 мың адам тұратын Тира аралының жанындағы Ия қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымда орналасқан. Ошақ 14 шақырым тереңдікте орналасқаны айтылды, - делінген хабарламада.
Зардап шеккендер мен бұзылған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Санторини аралында жанартаудың жоғары белсенділігіне байланысты Грекияға саяхаттайтын туристерге ескерту жасалған болатын.