Грек аралдарында із-түзсіз жоғалған 4 туристің мәйіті табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Олар АҚШ, Нидерланд және Франция азаматтары екені анықталды. Тағы хабар-ошарсыз кеткен 3 адам іздестіріліп жатыр.
Полиция мәліметіне қарағанда, туристердің бағытынан жаңылуына аймақтағы аптап себеп. Сынап бағанасы 37 градусқа дейін көтерілген. Билік елде төтенше жағдай жариялады.