Грекияда жартылай локдаун енгізілді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грекия үкіметі жартылай локдаун тәртібін енгізді. Бір ай бойы елде дәмханалар, мұражайлар мен театрлар жұмыс істемейтін болды. Бұл туралы премьер-министр Кириакос Мицотакис мәлімдеді.</h4>

 1 Қараша 2020 2020, 05:45
1 Қараша 2020 2020, 05:45
1937

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грекия үкіметі жартылай локдаун тәртібін енгізді. Бір ай бойы елде дәмханалар, мұражайлар мен театрлар жұмыс істемейтін болды. Бұл туралы премьер-министр Кириакос Мицотакис мәлімдеді.

Сондай-ақ Грекия аумағында сағат түнгі он екіден таңғы беске дейін коменданттық сағат жарияланды. Жаңа шектеулерге сәйкес, ел тұрғындары енді бетпердені жабық бөлмемен қатар көшеде де тағуға міндетті.

Кәсіпорындардағы қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Жаңа ережелер 3 қарашадан бастап күшіне енеді.

Наверх