Грекияда орман өртінен үш өрт сөндіруші қаза тапты

Грекияда аптап ыстық, құрғақшылық және қатты желден туындаған ірі орман өрттері жалғасып жатыр.

 Anadolu Ajansı 30 Шілде 2026, 20:45
30 Шілде 2026, 20:45
270
Фото: Anadolu Ajansı

Грекияда жалғасып жатқан ауқымды орман өрттерін сөндіру кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілер саны үш адамға жетті.

BBC-дің хабарлауынша, елдің бірнеше өңірінде орман өрттерін ауыздықтау жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр.

Бұған дейін Гирит аралында екі өрт сөндірушінің қаза тапқаны белгілі болған еді. Кейіннен Пелопоннес түбегінде тілсіз жаумен күреске қатысқан тағы бір өрт сөндіру қызметкері көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт сөндіруші қызметтік міндетін атқарып жүрген аумақтың маңынан ес-түссіз күйде табылған. Дәрігерлердің күш салғанына қарамастан, ол көп ұзамай қайтыс болды.

Қазіргі уақытта Грекияның бірнеше өңірінде орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдай қызметтері өрттің таралуын тоқтатуға және елді мекендерге төнген қауіпті азайтуға күш салуда.

Наверх