Грекияда орман өртеніп жатыр

24 Сәуір 2024, 15:29
178
Бөлісу:
Грекияда орман өртеніп жатыр

Грекияда да күн күрт ысып, ормандар өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша, кейінгі 24 сағат ішінде 25 жерде өрт шыққан. Өңірдегі сынап бағанасы 30 градусқа жетті. Сондай-ақ Солтүстік Африкадағы Сахара шөлінен соққан шаңды дауылдан Афина қаласын қызғылт тұман басты. 

Тұрғындар қапырық ауа мен шаң-тозаң көп қолайсыздық тудырып отырғанын айтады. Грекияда жыл сайын күн ыстықта ормандар отқа оранып, елге орасан зор шығын келтіреді. 

Жергілікті билік биыл да осындай табиғи апат көптеп тіркелуі мүмкін деп, тұрғындарды барынша абай болуға шақырып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы