Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грекияның Олимп тауы Токиода өтетін Олимпиада ойындары-2020 алауын жағу салтанаты өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Салтанатты шараға Грекия президенті Прокопис Павлопулос, Халықаралық Олимпиада комитетінің басшысы Томас Бах, сондай-ақ "Токио-2020" ұйымдастыру комитетінің өкілдері қатысты.
Рәсім ежелгі Гера храмында өтті.
Сценарий бойынша алауды жоғарғы абыз әйел рөліндегі грек актрисасы Ксанти Георгиу жақты.
Грекиядағы эстафета бір аптаға жалғасады. Содан кейін 19 наурыз күні алау Олимпиада-2020 ұйымдастырушыларына тапсырылады.
Еске сала кетсек , бұған дейін Токио-2020 атқарушы комитетінің мүшесі Харуюки Такахаши коронавирусқа байланысты: "Жазғы Олимпиада ойындарын тоқтатқаннан көрі бір немесе екі жылдан кейін өткізген дұрыс", – деген пікір білдірген еді.
Айта кеткен жөн, Токиода Олимпиада шілденің 24-інен 9 тамыз аралығында өтеді. Ал Паралимпиада ойындары 25 тамыздан 6 қыркүйекке дейін болады.