Грекия жағалауында қатты жер сілкінісі болды

1 Тамыз 2021, 12:33
2277
Бөлісу:
Грекия жағалауында қатты жер сілкінісі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Эгей теңізіндегі Кос аралынан 60 шақырым жерде орналасқан, онда 30 мыңнан астам адам тұрады.

Греция жағалауында 5,7 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы 1 тамыз жексенбі күні таңертең АҚШ Геологиялық қызметі (USGS)хабарлады.

Жер асты дүмпулері UTC уақыты бойынша 04:31- де тіркелді (Нұр-Сұлтан бойынша 10:31-ред.). Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Эгей теңізіндегі Кос аралынан 60 шақырым жерде орналасқан, онда 30 мыңнан астам адам тұрады. Зілзала ошағы 11 шақырым тереңдікте болған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Цунами қаупі туралы хабарламалар түспеген.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптада Аляска жағалауында 8,2 балдық жер сілкінісі болды. Ол кезде цунами қаупі жарияланған болатын.



Өзгелердің жаңалығы