Грекия Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

8 Қазан 2023, 00:23
814
Бөлісу:
Грекия Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ниетті
Фото: СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Грекиядағы елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев «Enterprise Greece» сауда және инвестицияларды ілгерілету жөніндегі сыртқы экономикалық агенттігінің төрайымы Майра Мирояннимен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс және туризм сияқты салаларда «Kazakh Invest» әлеуетті «тауашалық» инвестициялық жобаларын Грекияда жүзеге асыру мүмкіндігі талқыланды.

Елші Е. Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы аса маңызды шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастықтың дамуы туралы сұхбаттасты хабардар етіп, грек бизнес-қоғамдастығы үшін қазақстандық металл өндіруші компаниялардың және кен орындарының тізімін табыстады.

Грекия СІМ-нің Халықаралық экономикалық қатынастар жөніндегі Бас хатшысы М.Мироянни грек тарапы Тұрақты шикізат, батареялар және «жасыл» сутек құны тізбегі саласындағы стратегиялық әріптестік туралы өзара түсіністік туралы Меморандумды жүзеге асыруды қолдайтынын хабарлады. Ол «Kazakh Invest» және «Enterprise Greece» агенттіктері арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуді ұсына отырып, Грекия Қазақстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыруға ниетті екенін жариялады.

Сонымен қатар, М. Мироянни ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанда іске асырған цифрландыру саласындағы жобаларға қызығушылық білдіріп, қазақстандық тараптың тиісті инвестициялық ұсыныстары грек компанияларының назарына жеткізілетінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы